Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі Тайынша ауданында жаңартылып және жөнделіп жатқан стадион мен жолдарды көрді

СҚО әкімі Тайынша ауданында жаңартылып және жөнделіп жатқан стадион мен жолдарды көрді

Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына сапар кезінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тайынша қаласында стадионды жаңғырту жұмыстары басталды. Трибуна ауыстырылып, жасанды шөбі бар футбол алаңы мен тартан жүгіру жолағы жасалады. Волейбол, баскетбол, жағажай волейболы алаңдары орнатылады.

Кәсіпкер Андрей Исаков супермаркеттер желісін кеңейтуде. Тайыншадағы жаңа супермаркет тұтынушыларды өзіндік өніммен қамтамасыз етіп, 35 ауыл тұрғынына жұмыс табылды.

Ауданның жол инфрақұрылымы да жаңартылуда. Қазір «Виноградовка-Ясная Поляна-Киров» жолында орташа жөндеу жүріп жатыр. Бүгінде 45 шақырымның тең жартысына асфальт төселді, жұмыс жалғасуда. Су тасқыны кезінде жолдардың бұзылған учаскелері де жөнделіп, су өткізгіш құбырлар орнатылуда. 

Өңір басшысы Ясная Полянада «GCK Taynsha Astyk» қызметімен танысты, серіктестік мал және өсімдік шаруашылығын белсенді дамытып, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымына да ерекше көңіл бөлуде.

Shares