Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімінің жаңа орынбасары таныстырылды

СҚО әкімінің жаңа орынбасары таныстырылды

СҚО әкімінің өкімімен Қанат Малғаждарұлы Дүзелбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы туған, Ақмола облысының  тумасы. Алматының экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Ұлттық банк орталығында экономист болып бастады. Банк жүйесінде, қазынашылық, экономика және бюджетті жоспарлау саласында тәжірибесі бар.

Осы тағайындауға дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Ол стратегиялық және экономикалық жоспарлауды, бюджетті дамытуды және бюджетаралық қатынастарды, салық саясатын, коммуналдық меншік пен жекешелендіру мәселелерін, мемлекеттік сатып алуды, көші-қон, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастарын қадағалай ын болады.

Shares