Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО аманатшылары Тайынша ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысандардың қолжетімділігін тексерді

СҚО аманатшылары Тайынша ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысандардың қолжетімділігін тексерді

Қозғалысы шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген қоғамдық-партиялық мониторинг аясында аманаттықтар Тайынша ауданында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін бейімдеу мәселесі өзекті болып қала береді. Талдау көрсеткендей, мынандай бұзушылықтар жиі тіркеледі: пандустардың болмауы, пандустардың дұрыс жасалмауы, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған тактильді белгілердің, шақыру түймелерінің, бейімделген әжетхана мен жуыну бөлмелерінің, лифтілердің, көтергіштердің және т.б. болмауы.

Тайынша ауданында ұйымдастырылған мониторинг барысында партия мүшелері 11 нысанды тексерді. Анықталған ескертулер негізінде ұсыныстар жасалды.

«Мониторинг тобының мүшелерін қуантқан нысанның бірі – аудан әкімдігі. Осыдан екі жыл бұрын нысанда мониторинг жүргізілді. Сонда аудан әкімі аппаратының басшысына олқылықты жою жөнінде ұсыныстар берілген болатын. Екі жылдан кейін мониторингтік топ мүшелері ескертулердің қаншалықты ескерілгенін тексере алды. Жоғарыға көтіргіш қойылған, кіреберіс есіктің ені құрылыс талаптары мен ережелеріне сәйкес келеді. Брайль қарпімен жазылған тақтайша, шақыру түймесі, тактильді бағыттағыштар, мнемосызба, бейімделген әжетхана және жуына бөлмесі, есіктердің шынысында ескерту белгілері бар. Әрине, 100% қолжетімділік туралы айту әлі ерте, бірақ көп нәрсе жасалды және бұл қуантады», – деп атап өтті «АМАНАТ» СҚОФ өкілдері.

Shares