Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО архивінде Алғыс айту күніне арналған көрме ұйымдастырылды

СҚО архивінде Алғыс айту күніне арналған көрме ұйымдастырылды

Алғыс айту күніне арналған көрме Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде қанат жайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Көрмеде тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар бар. Олардың барлығы елімізге күштеп қоныс аударылған түрлі этностарға қатысты.

“Біз алғашқы қоныс аударушылар 18-20 ғасырлар аралығында келгенін білеміз. Столыпин аграрлық реформасы бойынша өте көп қоныс аударушы келді. 1,5 млн адам Қазақстанға қоныс аударды. Кеңес өкіметі жылдарында, 1936 жылы поляктар мен еврейлер қоныс аударды. 1940 жылы поляктар депортацияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, олардың саны 54 мыңнан асқан. 1941 жылы немістер жер аударылды, сәл ертерек – корейлер. Ал 1944 жылы Кавказ халықтары жер аударылды”, – деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Сонда жарты миллионға жуық адам мал тасымалдауға арналған вагондарға тиеліп, Қазақстан мен Қырғызстанның солтүстік аймақтарына көшірілді. Облыстық архивтегі көрмеде бірегей құжат, атап айтқанда, Мамлют ауданына жер аударылған шешендер мен ингуштардың тізімі ұсынылды. Бұрын бұл мәліметтер жария етілмеген.

“Қазақтар өте қорқынышты аштықтан, 30-шы жылдардағы жаппай қуғын-сүргіннен аман қалды, бірақ еңсені түсірген жоқ, олар барлық адамды қабылдады. Бүгін біз бірлігімізге сүйене отырып, әділ Қазақстанды құрып жатырмыз”,- деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

 

 

Shares