Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО аудандарында жедел тактикалық оқу-жаттығулар өтеді

СҚО аудандарында жедел тактикалық оқу-жаттығулар өтеді

2024 жылғы 15 және 17 мамыр күндері Тимирязев ауданы Тимирязев ауылы, Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишим ауылы мен Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Аталған жаттығулар әртүрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын болады.

“Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз. Қала, ауыл тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпараттың халық арасында таралмауына жол бермеулеріңізді сұраймыз”, – деп хабарлайды терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Солтүстік Қазақстан облыстық жедел штабы.

Shares