СҚО-да 10 млрд теңге инвестицияға заманауи қалдықтарды өңдеу кешені пайда болады
Солтүстік Қазақстан облысында заманауи қалдықтарды басқару кешені салынады. Жобаға қоқыс өңдеу зауыты мен қатты тұрмыстық қалдықтарға (ҚТҚ) арналған полигон кіреді. Жалпы инвестиция көлемі 10 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды QZ News.
СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, жобаны қаржыландырудың 6 млрд теңгесі АО «ФРП» («Жасыл Даму» АҚ) арқылы ҚТҚ полигонын салуға бағытталады. Қалған 4 млрд теңге жеке инвестициялардан, ӘКК қаражатынан және «Ready – Built Factory» бағдарламасы аясында қоқыс өңдеу зауытын салуға жұмсалады.
Жаңа кешеннің жалпы қуаты жылына 175,4 мың тонна қалдықты құрайды. Оның ішінде ҚТҚ полигоны жылына 100 мың тонна, ал қоқыс өңдеу зауыты 70 мың тонна қалдық қабылдайды. Сонымен қатар, жылына 5,4 мың тонна қайталама гранула өндірісі жоспарланып отыр. Жобаның жалпы өнім шығару көлемі жылына 3,5 млрд теңгеге жетпек.
Жобаны іске асыру 100 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді және өңір үшін үлкен оң әсерін тигізеді. Атап айтқанда, бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласының дамуына жол ашып, әрі қарай дайын өнім өндіруге қажетті бағалы қайта өңделген шикізатты алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экологиялық талаптарға сай қалдықтарды өңдеуді көздейтін заманауи ҚТҚ полигоны салынып, бұл СҚО-дағы экологиялық ахуалды жақсартуға сеп болмақ. Кешенді іске қосу 2025–2026 жылдарға жоспарланған.