СҚО-да 13 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жазалар алынып тасталды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтардың құқықтарын мемлекеттік қызметтерді алу процесінде және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ағымдағы жылы Департаментпен 9 бақылау іс-шарасы өткізілді. Көрсетілетін қызметті берушілерге енгізілген барлық ұйғарымдар 100%-ға орындалды.
“Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 6 қызмет алушының құқықтары қорғалды. Осылайша, ЖШС жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілеуші құжат ала алмады. Департаменттің араласуы нәтижесінде заңды құқықтар қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, жобаланатын жер учаскесін графикалық деректермен келісу бойынша мемлекеттік қызмет шеңберінде өтініш берушінің құқығы қалпына келтірілді. Өтініш беруші нәтижемен келіспеді. Департамент жүргізген тексеру барысында өтініш берушінің дәлелдері расталды: жобаланатын жер учаскесінің шекаралары келісілді”,- дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Дулат Тайшабай.
2024 жылдың 5 айы бойынша Департаментпен жоспардан тыс 2 тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы 2 актінің күші жойылды, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы 13 мемлекеттік қызметшіге қатысты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалар алынып тасталды.
“Мысалы, Департаментке Ақжар ауданының мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазаны заңсыз қолдану мәселесі бойынша өтініш келіп түсті. Өз өтінішінде ол қолданылған жазамен келіспеді және бұл тәртіптік жауапкершілікке тартуға негіз болған жоқ деп мәлімдеді. Осы өтініш негізінде Департаментпен жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын, мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бұзу фактілері анықталды.
Департаментпен тәртіптік жаза қолдану туралы актінің күшін жою туралы ұйғарым енгізілді және тәртіптік жазаның, қазіргі уақытта тәртіптік жаза жойылды, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді”,- деді Дулат Тайшабай.
Осыған ұқсас жағдай Аққайың ауданының әкімдігінде анықталды, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолданылды.