Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 7 маусым күні бұршақ, найзағай және 25 градусқа дейін күннің ысуы күтіледі

СҚО-да 7 маусым күні бұршақ, найзағай және 25 градусқа дейін күннің ысуы күтіледі

Қазгидромет өкілдері 7 маусым, жұма күні СҚО тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғаны айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Мәселен, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр жауады, облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр болмақ, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ жауады.

“Екпіні 9-14 метрлік жел оңтүстік-батыс, батыс бөлікте түнде соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр жетеді, күндіз 15-20 метр сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 23 метр құрамақ. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 20-25, облыстың оңтүстік-батысында 28 жылы болады”, – делінген “Қазгидромет” РМК хабарламасында.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан түнде 9-14 метрлік күшпен соғады, күндіз секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 23-25 градусты құрамақ.

Shares