СҚО-да 80 білім беру нысаны жөндеуден өтеді
Солтүстік Қазақстан облысында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бойынша кешенді шаралар жалғасуда. Биыл 4,5 млрд теңгеге 40 білім беру нысанында күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Олардың қатарында 30 мектеп, 2 балабақша және 4 колледж бар, деп хабарлайды QZ News.
Қосымша, 1,9 млрд теңгеге 41 білім беру нысанында ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Бұл тізімге 3 балабақша, 19 мектеп, 3 жазғы лагерь, 13 колледж және жетім балаларға арналған 3 мекеме кіреді.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа интерактивті панельдер, компьютерлер, оқулықтар, жылыту қазандықтары, мектептерге, балабақшаларға, кітапханалар мен колледждерге арналған жиһаздар, спорттық жабдықтар, пәндік кабинеттер, сондай-ақ мектеп асханалары мен колледждерге арналған құрал-жабдықтар сатып алынады.