СҚО-да “AMANAT” партиясы мектеп асханаларына бақылау жүргізуде
“AMANAT” партиясы өкілдері аймақтағы мектеп асханаларының жұмысына мониторинг жүргізуді қолға алды. Мектеп асханаларында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі “AMANAT” партиялық бақылау комитетінің отырысында қаралатын болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Оқу жылы қарсаңында мектеп асханаларында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесін талқылау мақсатында партияның облыстық филиалы жанынан жұмыс тобы құрылды. Оның міндеті – мектептерде тамақтануды ұйымдастырудың жай-күйін зерттеу, бар проблемаларды анықтау, оларды жою және мектептегі қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу.