Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да аудан әкімдігі мамандары букмекерлік кеңседе бәс тіккендері үшін жұмыстан босатылды

СҚО-да аудан әкімдігі мамандары букмекерлік кеңседе бәс тіккендері үшін жұмыстан босатылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды QZ News.

Өткен жылдың шілде айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілген болатын. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Бұл талапты бұзған жағдайда, олар теріс себептермен жұмыстан шығарылады.

Алайда, осы заң талаптарын бұзып, Ақжар ауданы әкімдігінің Құрылыс және сәулет бөлімі бас маманы букмекерлік кеңсе «1XBET» арқылы жүйелі түрде бәс тігіп отырған.

«Осындай заң бұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданы Білім бөлімінің бас мамандары тарапынан да анықталды. Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде аталған мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылды. Барлық мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау жөнінде ескерту жасалды», – деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Shares