Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да аулада жарақат алған 4 жасар бала қайтыс болды

СҚО-да аулада жарақат алған 4 жасар бала қайтыс болды

19 қыркүйек күні 10.30 шамасында СҚО-да 56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында “POLARIS” маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. ЖКО салдарынан жүргізуші мен 4 жасар жолаушы бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Алған жарақаттарынан бүлдіршін көз жұмды. Қайғылы жайт Аққайың ауданында болды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“ҚР ҚК бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы). Тергеу әрекеттері жүргізілуде”,- делінген СҚО ПД хабарламасында.

Shares