Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да аязға байланысты жол қозғалысы шектелді

СҚО-да аязға байланысты жол қозғалысы шектелді

Температураның -35, -38 градусқа дейін күрт төмендеуіне байланысты 7 желтоқсан 18:00-ден бастап республикалық маңызы бар жолдардың көпшілігінде қоғамдық және дизельді көліктер үшін қозғалыс шектеуі енгізілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жабық бағыттар:

  1. А-1 “Астана-Петропавл” (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейін)
  2. А-12 “Петропавл-Есіл” (Петропавл қаласынан РФ, Есіл қаласының шекарасына дейін)
  3. А-16 “Жезқазған-Петропавл” (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейін)
  4. А-21 “Мамлютка-Қостанай” (Мамлютка қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін)
  5. Р-11 “Көкшетау-Рузаевка” (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін)
  6. Р-28 “Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс” (Саумалкөл ауылынан кешенге дейін)
  7. Р – 57 “Петерфельд-Новокаменка”-“Жезқазған-Петропавл” А-16 автожолы (Петерфельд ауылынан а/д А-16 дейін);
  8. Р-58 “Булаево-Возвышенка-Кирово-Қиялы-Рощинское”(Булаево қаласынан Рощинское ауылына дейін)
  9. Р-59 “Рощинское-Корнеевка-Волошинка” (Рощинское ауылынан Волошинка ауылына дейін)
  10. Р-60 “Волошинка-Сергеевка-Тимирязево” (Волошинка ауылынан Тимирязево ауылына дейін)
  11. Р-61 “Тимирязево-Сарыкөл-шекара” (Тимирязево ауылынан облыс шекарасына дейін)

Сондай-ақ, 20:00-ден бастап СҚО-ның облыстық маңызға ие жолдарында дизельді және қоғамдық көліктерге қозғалыс шектелген.

Shares