Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да білім беру мекемелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қымбатқа сатып алып келген

СҚО-да білім беру мекемелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қымбатқа сатып алып келген

СҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері білім саласына қатысты бұзушылықты анықтады. Белгілі болғандай, өңірдегі білім беру мекемелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жоғарылатылған бағамен сатып алып келген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде сатып алу құны орташа республикалық көрсеткішке дейін төмендеді. 454 мектепте шығындар төмендетілді. Ата-аналар қорынан 458 мектепке дейінгі мекемеде 17 мың ата-анаға ақша үнемделді.

“Департаменттің бастамасымен белгіленген тауарлық үстемеден асып кеткен 15 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде тауарлардың орташа нарықтық бағасы 17%-дан 30%-ға төмендетілді. Бұл өзгеріс ұн, күріш, сары май, өсімдік майы, тұз, қарақұмық, айран, тауық жұмыртқасына қатысты болды”,- деп хабарлады СҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы Бақытжан Абулхаиров.

Shares