СҚО-да дәрігер тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Дәрігер тапшылығы – Қазақстанның солтүстігінде кездесетін негізгі проблемалардың бірі. Облыста 144 дәрігер жетіспейді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Өңірдің медициналық ұйымдарында жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевттер, офтальмологтар, хирургтар, кардиохирургтар, анестезиологтар жетіспейді. Мәселені шешу жолдары қолға алынған. Әкімнің айтуынша, жалпы тәжірибе дәрігерлері қалалардың ауруханаларына жұмысқа орналасса, бюджеттен 1 млн теңгеден көтерме қаражат беріледі. 1 жарым миллион – ауыл дәрігерлері үшін. Тар бейінді дәрігерлер қалаға орналасса, 3,5 млн теңгеден, ал ауылда жұмыс істегісі келетіндер 5 млн теңгеден алады.
“Бұл – жас дәрігерлердің өңірде қалуына, аймаққа көшуіне, үйлі болуына және жұмысын сенімді бастауына мүмкіндік беретін шара. Барлық аудан әкімдеріне жәрдемақылардан бөлек, мамандарға қызметтік тұрғын үй ұсыну бойынша тапсырма жүктедім. Ауылға жұмыс істеуге келгендердің 80% елдімекендерде қалатынын атап өткім келеді”, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.