СҚО-да көлік қаққан 66 жастағы әйел көз жұмды
14 қыркүйек күні “102” арнасына 30 жастағы әйелдің 66 жастағы жаяу жүргіншіні басып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
СҚО ПД хабарлауынша, Шал ақын ауданының аудандық ауруханасында 66 жастағы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды.
“ҚР ҚК бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы). Тергеу жүргізілуде”,- делінген полиция хабарламасында.