Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да “Өрт-2024” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

СҚО-да “Өрт-2024” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

15-16 мамыр күндері елімізде “Өрт-2024” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығу шеңберінде барлық өңірде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілетін болады. СҚО-да оқу-жаттығу М. Жұмабаев ауданындағы Чистовское ауылының маңында өтеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталатын болады.

Оқу-жаттығу шеңберінде еліміздің Астана қаласынан басқа барлық өңірінде құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарлануда.

Shares