Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да осы аптада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

СҚО-да осы аптада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

“Қазгидромет” РМК  СҚОФ жұмыс аптасының алғашқы үш күніне болжам жасады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Дүйсенбі мен сейсенбі күндері Петропавлда ауыспалы бұлт, жаңбыр, найзағай болады. Ауа температурасы +25+26 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктердің айтуынша, 7 тамыз күні жаңбыр болмайды. Сынап бағанасы +23+25 градусты көрсетеді.

5 тамыз күні облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. Температура +22+27 градусқа дейін көтеріледі. 6 және 7 күндері аймақтың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай болады. Сынап бағанасы +23+28 градусты көрсетеді.

Shares