Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да қандастар мен қоныс аударушыларға жаңа тұрғылықты жерге орналасуға көмек көрсетілуде

СҚО-да қандастар мен қоныс аударушыларға жаңа тұрғылықты жерге орналасуға көмек көрсетілуде

Солтүстік Қазақстан облысы кандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін белгіленген өңірлердің қатарына кіреді, деп хабарлайды QZ News тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Қоныс аударушылар мен қандастарға ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық әрі білім беру қызметтері көрсетіледі, бұл олардың қоныстану аумақтарында бейімделуі мен интеграциялануына және жаңа тұрғылықты жерінде орнықтыруына ықпал етеді.

Қоныс аударушылар мен қандастарға көшуге субсидия беріледі – отағасына және отбасының әрбір мүшесіне бір реттік 70 АЕК мөлшерінде (258 440 тг). Елді мекен мен отбасы мүшелері санына байланысты 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау (55 380 теңгеден 110 760 теңгеге дейін) жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тізіміне мыналар кіреді: қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама, жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу, экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.

Shares