СҚО-да су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда
Солтүстік Қазақстан облысында шомылу маусымының қарсаңында су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды QZ News.
СҚО ТЖД құтқарушылары демалыс аймақтары мен қол жетуі қиын жағалау аумақтарын қамти отырып, дрондар мен қайықтарды пайдалану арқылы профилактикалық рейдтер өткізуде. Шомылуға тыйым салынған жерлерге «Шомылуға тыйым салынады» деген арнайы трафареттік жазбалар түсірілген — бұл тұрғындарға қауіп туралы ескерту болып табылады.
Балықшылармен жұмысқа ерекше назар аударылуда: оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары көрсетілген жадынамалар таратылуда.
Азаматтардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында су жағасында арнайы ақпараттық пилондар орнатылған. Әр пилонда QR-код бар: оны сканерлеу арқылыі судағы қауіпсіз демалыс ережелері және төтенше жағдайда не істеу керек екені жөнінде толық ақпарат алуға болады.
СҚО ТЖД барша тұрғындарға үндеу жасайды: Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
Ескерту белгілеріне назар аударыңыздар.
Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.