СҚО-да суға батып кеткен 2 жасөспірімнің денесі табылды
СҚО-да Шағалалы өзеніне батып кеткен 2 жасөспірімнің денесі табылып, судан шығарылды. 2008 жылы туған жастардың бірі – Тайынша қаласында, ал екіншісі Атбасар қаласында тұрған. 2 жас та – Тәжікстан Республикасының азаматтары, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Марқұмдарды іздеуге 11 құтқарушы, 2 полиция қызметкері, 26 ерікті қатысты. Сонымен қатар, 8 бірлік техника жұмылдырылды.