Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да тас дәуірінен бері қарай негізі қаланған бірқатар ескерткіш табылды

СҚО-да тас дәуірінен бері қарай негізі қаланған бірқатар ескерткіш табылды

Ә. Марғұлан атындағы археология институты мен Қозыбаев университеті өткен жылы «Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен этнографиялық қазіргі заманға дейін» жобасы аясында ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Соның арқасында студенттер зертханаларда тәжірибе жасап, ауқымды қазба жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Дөңгелек үстел барысында жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Археологиялық зерттеулер келесі аумақтарда жүргізілді: Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары. Біздің облыста қазба жұмыстары 7 ауданда жүргізілді: Есіл, Шал ақын, Темирязев, Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Жамбыл және Мамлют. Бұл аумақтарда тас дәуірінен этнографиялық қазіргі заманға дейінгі бірқатар жаңа ескерткіш табылды.

Қазба жұмыстарын жүргізу үшін 11 археологиялық топ ұйымдастырылды. Қазба жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, археология институты, облыстық тарихи-өлкетану музейі және Қозыбаев университетінің студенттері қатысты.

«Университет пен археология институтының филиалы арасындағы бұл бірлескен жұмысымыз өте оң нәтиже береді деп ойлаймын. Біріншіден, қаржылық мүмкіндіктер кеңейді, яғни біз тек тәжірибе шеңберінде ғана емес, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін де ұзақ уақыт жұмыс істей аламыз. Сондықтан біз ауқымды нысандарды зерттей аламыз», – дейді Қозыбаев университетінің Құрметті профессоры Анатолий Плешаков.

Shares