Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да Тепличное ауылында бұршақ жауды

СҚО-да Тепличное ауылында бұршақ жауды

Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылына ірі бұршақ түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Тепличное ауылында кішкентай тастардың көлеміндей бұршақ көптен жаумаған. Бұршақтан бөлек, ауылда Петропавлдағы сияқты нөсер жаңбыр жауды. Ол бірнеше сағатқа созылды. “Қазгидромет” СҚОФ хабарлағандай, облыс аумағына солтүстік циклон әсер еткен. Атмосфералық жылы және суық фронттардың өтуі салдарынан қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнаған.

“12:00 минутта Петропавл қаласындағы “Қызылжар” автоматты метеорологиялық станциясына 44,1 мм ылғал түсті, бұл онкүндік нормадан 1,9 есе артық. Ал айлық норманың 64% құрайды. Сонымен қатар, диаметрі 5 мм бұршақ байқалды. Оның жауу ұзақтығы 3 минутты құрады”, – деп мәлімдеді “Қазгиромет” өкілі.

Shares