Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ТЖД мамандары 194 адамды жылыту қосындарына жеткізді

СҚО-да ТЖД мамандары 194 адамды жылыту қосындарына жеткізді

Соңғы тәулікте Жамбыл, Есіл, Қызылжар, Тимирязев және Ғ. Мүсірепов аудандарының автожолдарында 6 қар кептелісі тіркелді. Қар құрсауында 9 бірлік жүк және жеңіл автокөлік қалды. Барлық жағдайлар бойынша дереу ден қою шаралары қабылданды. Нәтижесінде 194 адам құтқарылып, жылыту қосындарына жеткізілді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жолдардың жабылуына байланысты Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы, Есіл ауданы Покровка селосы, Мамлют ауданының Мамлютка қаласы, М. Жұмабаев ауданының Булаев қаласының жылыту пункттеріне 104 адам эвакуацияланып, орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен олар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

​“26 желтоқсан күні 112 телефонына 1500-ден астам қоңырау келіп түсті және қажетті ден қою шараларын қабылдаумен өңделді. Шатырдың бұзылуының 2 жағдайы тіркелді.  26 күні Шал ақын ауданы, Сергеевка қ. Победа к-сі 25, мектеп-гимназияда екпінді желдің салдарынан шатыр жабынының 54 ш. м. бұзылды,  осы жерде Желтоқсан к-сі 3, «Бөбек» балабақшасында екпінді желдің нәтижесінде 280 шаршы метр аумақта шатыр жабыны бұзылды. Балалар автобуспен үйге ТЖ бөлімдері мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен жеткізілді. ​Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының нашарлауы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға, қысқы кезеңдегі ТЖ іс-қимылдары бойынша ұсыныстарды ұстануды талап етеді”,- деп толықтырды СҚО ТЖД.

Shares