СҚО-да заңсыз такси қызметіне қарсы күрес күшейтілді: 60-тан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы жолаушылар тасымалы саласындағы жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері облыс жолдарында 143 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза тауып, 200 адам жарақат алған. Зардап шеккендер саны бар жол апаттарын азайту мақсатында полиция кешенді шаралар жүргізуде, деп хабарлайды QZ News.
Ерекше назар такси мен автобус жүргізушілеріне аударылуда. Рейдтік іс-шаралар елді мекендерде де, тас жолдарда да кенеттен ұйымдастырылуда. Басты мақсат – жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және алдын алу шараларын күшейту. Рейдтер барысында жүргізушілер арасында заңсыз такси қызметін көрсететіндер аз еместігі белгілі болды.
Мәселен, Петропавл қаласындағы Букетов көшесінде 35 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мобильді қосымша арқылы жолаушы тасымалдап, тиісті тіркеусіз жұмыс істегені анықталды. Ер адам заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері жолаушылар тасымалы саласындағы түрлі құқықбұзушылықтар үшін 60-тан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.