Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жаңа жылдық мереке күндері 5 мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да жаңа жылдық мереке күндері 5 мас жүргізуші ұсталды

Өткен жылдың 12 айында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мас күйінде көлік жүргізген мыңнан астам жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар мас жүргізушілердің кінәсінен 29 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Көлік құралдарын мас күйінде басқару – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың бір түрі.

“Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігінің санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. Бұдан басқа, жыл қорытындысы бойынша бұрын көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамдардың көлік құралдарын жүргізуінің 22 фактісі тіркелді. Бұл – Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабына жататын қылмыстық құқық бұзушылық. Осы баптың 1-бөлігі белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді”,– деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Еске салайық, жаңа жыл мерекесінде облыс бойынша мас күйінде рульге отырған 5 адам ұсталды.

Shares