СҚО-да желтоқсан айында қызылшамен сырқаттанушылық 3,5 есеге өсті
Облыста 2023 жылдың басынан бастап қызылшаға күдікті 403 жағдай тіркелді, оның 254-і расталды. Ал қаңтар айы басталғалы 13 факті тіркелген. Бұл ретте желтоқсан айында сырқаттанушылық 47-ден 168 жағдайға дейін 3,5 есеге өсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың сөзінше, аумақтық тіркелу бойынша науқастардың 85% Петропавл қаласында тіркелді. 3% – Есіл ауданында, 2,7% – Мағжан Жұмабаев атындағы ауданда, 2,4% – Қызылжар және Мамлют аудандарында, 1,6 – Айыртау, Аққайың аудандарында, 0, 8% – Жамбыл ауданында. Жекелеген жағдайлар немесе 04% Ғ. Мүсрепов және Тайынша аудандарында тіркелді.
Жас құрылымы бойынша жағдайлардың ең көп саны 15 жас және одан жоғары – 161 жағдай.
“Қызылша жағдайларының арасында 82% – егілмеген, оның ішінде 39 жағдай жеке сенімі бойынша бас тарту себебінен, 20 жағдай медициналық көрсеткіштер бойынша екпеден босатылғандар және 21 жағдай вакцинация жасына жетпеген, белгісіз вакцинация статусымен – 96 жағдай, толық емес вакцинация курсы – 34 жағдай. Бүгінгі таңда облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында егілуге жататын жоспардан 60% (немесе 15 704 адам) егілді, оның ішінде 6 айдан 11 айға дейін – 1 678 бала, 2-4 жаста – 10 980 бала, медицина қызметкерлері – 1 982. 6 қарашадан бастап иммундау барысында 1 134 адам егілді”,- деді Арман Күшбасов.
Екінші мәселе! Бүгінгі таңда СҚО-да ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады. Маусымның 1 қазанынан 4 қаңтарына дейін ЖРВИ-дің 48 568 жағдайы және А типті тұмаудың 1 жағдайы тіркелді.
“Соңғы 1 аптада ЖРВИ-дің 2 511 жағдайы тіркелді. Алдыңғы 52 аптамен салыстырғанда ЖРВИ-дің 3 580 жағдайы тіркелді. Жаңа жылдық мерекелерде медициналық ұйымдарға жүгінудің төмен болуына байланысты аурушаңдықтың 1,5 есеге төмендегені байқалады. Науқастардың ең көп саны 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалады – 1 456 жағдай немесе 58%. Облыста ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 000 дозасы сатып алынған болатын. Вакцинация жоспарының 100% тұмауға қарсы вакцинамен қамтылды: 8 794 медицина қызметкері, 4 479 оқушы, 555 жүкті әйел, 23 202 созылмалы ауруы бар адам, 617 жабық үлгідегі мекемелерден адамдар, 1 097 қарттар мен мүгедектер үйлері контингентінен адамдар және 21 256 адам эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша”,- деді Күшбасов.