СҚО-да ЖКО салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алды
25 қыркүйек күні “Астана – Петропавл” автожолының 435-ші шақырымында СҚО Ленинское ауылына жақын жерде “Daewoo Nexia” жеңіл көлігі мен “КамАЗ 54105” жүк көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде “Daewoo Nexia” автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі мен 39 жастағы жолаушысы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Осы автокөліктің 17, 19 және 62 жастағы түрлі жарақаттар алған тағы үш жолаушысы жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемелерге жеткізілді.
“Екі адам қаза тауып, үш адамның жарақат алуына алып келген Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді бастау үшін полиция қызметкерлері мактериалдар жинап жатыр. ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады”,- делінген хабарламада.