Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жол құрылыс материалдарының 72%-ы стандартқа сай емес

СҚО-да жол құрылыс материалдарының 72%-ы стандартқа сай емес

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелеріндегі жол жұмыстарының сапасы тексерілді. Тексеру нәтижесі, әсіресе жергілікті жолдарда, бірқатар елеулі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Барлығы 41 нысан тексеріліп, 922 материал сынамасы алынған. Республикалық жолдар (12 нысан): алынған 692 сынаманың 10%-ы (70 сынама) талаптарға сай келмеді. 39 ақау анықталып, оның 33-і жойылды. Облыстық жолдар (11 нысан): 135 сынаманың 30%-ы (40 сынама) стандарттан өтпеді. Аудандық жолдар (8 нысан): 52 сынаманың 48%-ы (25 сынама) талаптарға сәйкес емес.

Елді мекен көшелері (10 нысан): ең нашар көрсеткіш осы жерде тіркелген — 43 сынаманың 72%-ы (31 сынама) нормативке сай келмейді.

«Негізгі бұзушылықтар суды сіңіру, тығыздық коэффициенті, құрамының сәйкессіздігі және материалдардың беріктігі параметрлері бойынша анықталды. Барлық анықталған жағдайлар бойынша мердігерлерге ресми ескертулер мен сынақ хаттамалары жолданды. Қазіргі уақытта филиал анықталған ақауларды жою жұмысын жалғастыруда», – делінген Ұлттық жол активтері сапасы орталығының СҚО филиалы таратқан хабарламада.

Shares