СҚО-да жүк көлігі жолдан шығып кетті
Петропавлдан шығып, Көкшетау қаласына бара жатқан MAN жүк көлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерлері мен жол ұйымдарының көмегі қажет болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Өткен демалыс күндері рейсті тезірек аяқтауды жоспарлаған жүргізуші Мамлютка — Қостанай автожолын қардан тазартып жүрген ДЭУ-53 ұйымының жол техникасын басып озбақ болғанда жолдан шығып кеткен.
Көлікті тегеурінді трактор бірден сүйреп шығара алмады. Жүргізуші кабинада түнеуге мәжбүр болды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, таң атқан соң көмек ұйымдастырды. Жол ұйымының ауыр техникасынан бөлек, автокран келді.
Оны жергілікті тұрғын Алексей Рогозин жіберді. Жүк көлігін жолға шығару үшін жол сақшылары осы учаскедегі қозғалысты уақытша тоқтатты. Алдымен тіркемесі, кейін көліктің өз ішығарылды.