Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жыл басынан бері өрттен келген шығын 85 миллион теңгеден асып түсті

СҚО-да жыл басынан бері өрттен келген шығын 85 миллион теңгеден асып түсті

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 251 өрт болып, 16 адам қаза тапты, 29 адам жарақат алды, оның ішінде 5 бала бар. Өрттен келген шығын 85 миллион теңгеден асып түсті, деп хабарлайды QZ News тілшісі

СҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, өрттің 72%-ы жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Негізгі себептер электр жабдықтарын, пештерді пайдалану ережелерін бұзу және отпен абайсызда жұмыс істеу болып табылады.

“Күзгі-қысқы кезеңдегі өрт санының артуына байланысты 15 тамыз күні облыс аумағында 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындық бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы басталды”, – деп хабарлады ведомство.

ТЖ департаментінің қызметкерлері тұрғындарды өрт кезіндегі іс-әрекеттерге үйрету үшін тұрғын үйлерді аралауды, нұсқама беруді және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады. Жеке тұрғын үйлерді, пеш жабдықтарының, электр аспаптары мен электр сымдарының жарамдылығын тексеруге, сондай-ақ алдағы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады.

“Ағымдағы жылы Департамент қызметкерлері 49 314 тұрғын үйді аралап, 103 мыңнан астам адамды қамтыды, 71 мыңнан астам жадынама таратылды. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларын сақтау қажеттілігі туралы, оның ішінде балалардан сіріңке мен оттықты аулақ ұстаудың маңыздылығы, сондай ақ иісіп тиіп уланудың алдын алу туралы еске саламыз”,- деп атап өтті СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Shares