СҚО-да жылдам интернет қашан пайда болады?
Қазақстанның солтүстігіндегі 304 ауылды талшықты-оптикалық желіге қосу жоспарланып отыр және 170 мектеп “Starlink”спутниктік интернетіне қосылмақ. Мұны “2024-2027 жылдарға арналған Қолжетімді интернет” ұлттық жобасы аясында жасау көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Әкімнің айтуынша, облыста 3 жыл ішінде 160-тан астам ауылға интернет жетіп, оның сапасы жақсарған. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 275 мың тұрғыны бар 539 елдімекен түрлі технологиялар бойынша интернетке қосылған. Бірақ оның сапасы талқылауды қажет ететін мәселе күйінде қалып отыр.
“Мемлекет басшысының ауылдағы білім беру объектілерін жылдам интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізілді. Облыс мектептерінің 100% интернет желісіне қосылған. Қазір біз байланыс операторларымен бірге оның жылдамдығын арттыру мәселесін пысықтап жатырмыз”, – деді өңір әкімі.