Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-дағы 92 елді мекен электр қуатынсыз отыр

СҚО-дағы 92 елді мекен электр қуатынсыз отыр

Солтүстік Қазақстан облысында 92 ауыл электр қуатынсыз қалып отыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсанда қарлы дауыл болып, облыстың барлық – 13 ауданындағы 181 ауылда электр қуаты сөнді.

Облыста мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-қимылын үйлестіретін штаб тұрақты түрде жұмыс істейді. Бірінші кезекте барлық әлеуметтік нысандар бақылауға алынды. Олар: аудандық ауруханалар, білім беру ұйымдары, балалар үйлері, аудандардағы орталық қазандықтар. Аталған нысандар резервтік электрмен және жылытумен қамтамасыз етілді.

“Елді мекендерді электрмен қамту бағытында қалпына келтіру ісі жүргізіліп жатыр. “СЕВКАЗЭНЕРГО “АҚ-ның 55 жөндеу-авариялық бригадасы мен 55 техникасы және “Көкшетау Энерго” ЖШС-нің 140 техникасы мен 37 жөндеу-авариялық бригадасы жұмылдырылды. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы 15.00-дегі жағдай бойынша 92 елді мекен және 5 079 абонент электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Негізгі себептер электр желілерінің үзілуі, қосалқы станциялардағы олқылықтар болып табылады”, – деп атап өтті энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Владислав Лукин.

Shares