Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ға Алматыдан кезекті гуманитарлық көмек жетті

СҚО-ға Алматыдан кезекті гуманитарлық көмек жетті

СҚО-да әлі де күрделі су тасқыны жағдайы сақталуда. Осыған байланысты елдің түкпір-түкпірінен топан судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберу жалғасуда. Мәселен, өңірге Алматы қаласынан гуманитарлық қолдаудың кезекті партиясы келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Көмек ішіне азық-түлік, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, үй жабдықтары кірді. Облыс әкімдігінде атап өткендей, Алматы қаласындағы “Алтын Орда” базарының кәсіпкерлері жылу жинаған.

“Кәсіпкерлерге, бей-жай қарамайтын азаматтар мен ұйымдарға осы қиын кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көмек пен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз”, – делінген хабарламада.

Shares