Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО мен Омбы облысының кәсіпорындары арасында екі меморандумға қол қойды

СҚО мен Омбы облысының кәсіпорындары арасында екі меморандумға қол қойды

Аймақ басшысы Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко бастаған делегациямен кездесу өткізді. Оның құрамына Омбы облысының басшылық өкілдері, көрші өңірдің түрлі салаларына жетекшілік ететін министрлер, шекара маңындағы аудандардың басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлер кірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Жылдан жылға арадағы сауда көлемі артып келеді. Соңғы үш жылда СҚО мен РФ арасындағы өзара тауар айналымы 1,5 есеге өсті. Көрсеткіш 624 млн долларға жетті. СҚО-ның өнеркәсіптік кәсіпорындары Омбы облысының кәсіпорындарымен тығыз байланысты. Мысалы, «Блок» ЖШС омбылық компаниямен электр оқшаулағыш материалдарды экспорттауға шарт жасасты. Біздің облыстар өсімдік және мал шаруашылығы саласында да әріптестік орнатқан. 10 жылдан бері жергілікті «AVAGRO» кәсіпорны Омбыға өнім жеткізіп келеді. Тек соңғы 5 жылда СҚО кәсіпорындары Омбы облысынан 9 700 тонна дәнді дақылдардың элиталық тұқымын сатып алды”, – деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко Ғауез Нұрмұхамбетовке жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, көрші екі облыстың ынтымақтастығы болашаққа бет алғанын атап өтті.

“Бүгін біз өте лайықты кәсіпорындарды көрдік, олардың басшылары әрмен қарай дамуға ұмтылуда. Біз бірлескен өнеркәсіптік кластер құрғымыз келеді, бірқатар кәсіпорын СҚО-да өндіріс бастауға мүдделі, ортада АЭА аумағында икемді полимерлік қаптама өндірісіне бағытталған кәсіпорын құру туралы меморандум бар. Бұдан басқа, біз өндірістік процестермен, жетістіктермен және болашаққа жасаған жоспармен танысу үшін бірлескен халықаралық туристік маршрут құруды ұсынамыз. Бұл біздің ынтымақтастығымызды бірден бірнеше салада нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мен келешекте ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім беру салаларындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін көріп отырмын”, – деді Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко.

Кездесу соңында Qyzyljar АЭА мен «ДиборЭкспорт» жауапкершілігі шектеулі қоғам арасында, сондай-ақ Инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен «ЗМК МОСТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында меморандумдарға қол қойылды. Меморандумдар шеңберінде «Qyzyljar» АЭА аумағында «Ауыл шаруашылығы техникасын жинау» жобасын, сондай-ақ «Ірі инфрақұрылымдық құрылыстар салу үшін металл конструкцияларын өндіру» жобасын іске асыру жоспарлануда.

Shares