Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның 20 ауылында әлі жарық жоқ

СҚО-ның 20 ауылында әлі жарық жоқ

Өңірдің 20 ауылында әлі жарық жоқ. Бұл ауылдар Есіл, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Қызылар, Айыртау, Шал ақын және Тимирязев аудандарында орналасқан, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ ақпараты бойынша “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ өңірдегі 165 мың тұтынушыға қызмет көрсетеді. 28 жағдай бойынша 812 тұтынушы әлі жарықсыз отыр.

“Ауа-райына, сондай-ақ жұмыстың үлкен көлеміне байланысты проблемаларды жою ұзақ уақытты алуда. Елді мекендердің барлығын бүгін немесе ертең кешке дейін электрмен жабдықтау жоспарланып отыр. Қазір 92 бригада мен 195 техника жұмыс істеуда”,- деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қайырбеков.

Естеріңізге сала кетейік, қолайсыз ауа-райына байланысты 26 желтоқсан күні өңірдегі жабдықтар мен аудандық желілерде технологиялық бұзушылықтар тіркелді. Жекелеген учаскелерде қатты желдің салдарынан электр желілеріне бөгде заттар (шатыр материалы және т.б.) соғылып, сымдардың үзілуіне әкелді. Алғашқы тәулікте 181 елді мекеннің тұрғындары жарықсыз қалды.

Shares