Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның екі тұрғыны заңсыз атыс қаруын сақтағаны үшін ірі айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін жазаға тартылуы мүмкін

СҚО-ның екі тұрғыны заңсыз атыс қаруын сақтағаны үшін ірі айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін жазаға тартылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысының бір ауданында СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ криминалдық полиция департаментімен бірлесіп, заңсыз атыс қаруын сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды QZ News.

35 жастағы ауыл тұрғынынан, бұрын бірнеше рет ұрлық, көлік ұрлау және қарақшылық үшін сотталған азаматтан, полиция қызметкерлері ТТ тапаншасы мен әртүрлі қаруларға арналған 30-ға жуық оқ-дәріні тәркіледі. Ер адам қаруды тауып алып, өзінде қалдыруға шешім қабылдағанын айтқан. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған, ал тапанша сараптамаға жіберілді.

«Полицейлер қарудың қылмыстық мақсатта қолданылған-қолданылмағанын анықтауы тиіс. Ал оның жерлесі әрі құрдасынан ИЖ-18Е бір ұңғылы мылтықтың шолақ нұсқасы мен 8 патрон табылды. Мұндай қаруды сақтау да қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Күдіктілерге ірі көлемде айыппұлдан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Shares