Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның тағы төрт өзенінде су деңгейі көтерілді

СҚО-ның тағы төрт өзенінде су деңгейі көтерілді

Облыстың 4 өзеніне арнайы қойылған гидрологиялық бекеттерде су деңгейі күрт өсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалына сілтеме жасап.

“Иманбурлық өзені – Соколовка ауылының гидрологиялық бекетінде су деңгейі 366 см құрады, қауіпті деңгей – 560 см, Аққанбұрлық өзенінде – Возвышенка ауылында су деңгейі 652 см құрады, қауіпті деңгей – 1000 см, Есіл өзенінде – Покровка ауылында су деңгейі – 288 см құрады (қауіпті деңгей – 950 см). Бабықбұрлық өзенінде – Гусаковка ауылында су деңгейі – 671 см құрады, қауіпті деңгей – 1220 см”, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қардың одан әрі еруі мен кіші өзендердің құюына байланысты өзендердегі су деңгейінің одан әрі артуы күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше сағат бұрын “Қазгидромет” РМК облыстық филиалы Ясновка ауылы тұсындағы Қамысақты өзенінің және Крещенка ауылы тұсындағы Есіл өзенінің көтерілуін тіркеген болатын.

Shares