Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның жас пікірсайысшылары қоғамдағы мәселелерді талқылады

СҚО-ның жас пікірсайысшылары қоғамдағы мәселелерді талқылады

«Қазақстанның болашағы үшін» студенттердің қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен білім беру мекемелері арасында мемлекеттік және орыс тілінде «ICE CREAM – II» дебат турнирін ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Орыс лигасында 28 команда, ал қазақ лигасында 16 команда сынға түсті. Ескерер жайт, турнирге бір жылдан аспайтын тәжірибесі бар жас пікірсайысшылар қатысты.

Қозыбаев университетінде өткен дебат отбасы институты, мектепте діни атрибуттарды кию, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыптарына арналды.

Іс-шараға барлығы 100-ден астам адам қатысты.

 

Shares