Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО полицейлері Көкшетау тұрғынынан 190 литр заңсыз алкоголь мен 500 қорап темекі тәркіледі

СҚО полицейлері Көкшетау тұрғынынан 190 литр заңсыз алкоголь мен 500 қорап темекі тәркіледі

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің қызметкерлері “Браконьер” ЖАА іс-шарасы аясында Көкалажар ауылының маңындағы “Көкшетау-Рузаевка” автожолының жанында тұрған “Toyota Surf” автокөлігіне назар аударған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жүргізуші – Көкшетау қаласының 42 жастағы тұрғыны. Ол қысқа демалыс үшін тоқтаған. Полиция артқы орындықта бөтелкелер жатқан қораптарды байқаған. Ер адам құрамында 190 литр алкоголь бар өнімдерді сыйымдылығы 0,5 және 5 литр контейнерлерде, сондай-ақ 500 қорап темекіні тасымалдаған, олардың барлығы акциздік маркаларсыз болған.

“Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіледі, ер адам этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады”,- делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares