СҚО полицейлері Моңғолия азаматына көмектесті
Солтүстік Қазақстан облысында күрт құбылмалы ауа райы жүргізушілерге тағы да қиындық туғызды. Челябі — Новосибирск тасжолының 588-шақырымында батальон қызметкерлері Моңғолия азаматына көмек көрсету үшін тоқтаған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Volvo ауыр жүк көлігінің генераторы істен шыққан.
“Электр қуаты болмағандықтан, көлігі салқындай бастаған. Қызметкерлер жүргізушіге патрульдік көліктің салонында жылынуға мүмкіндік беріп, көлікті жөндеуге көмектесті. Жолда, әсіресе қыс мезгілінде абай болыңыз, жол ережелерін қатаң сақтаңыз”, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.