Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО полицейлері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген Моңғолия азаматын іздестіруде

СҚО полицейлері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген Моңғолия азаматын іздестіруде

Тайынша ауданының жедел уәкілдері 34 жастағы Моңғолия азаматы Самат Бекішті қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Қылмыс 2024 жылдың тамыз айында орын алған, деп хабарлайды QZ News.

Белгісіз адамдар Тайынша ауданы тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп, оны және 12 жастағы немересін скотчпен байлап, 640 мың теңге көлеміндегі ақша мен бағалы заттарды алып кеткен.

Күдіктілер кеткеннен кейін бала өзін босатып, жақын маңда орналасқан учаскелік инспектордың үйіне жүгіріп барған. Үш күдікті қысқа мерзім ішінде ұсталып, қазіргі уақытта әрқайсысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

«Іздестіріліп жатқан азамат қазіргі таңда өз отанында болуы мүмкін. Егер сіз оның қайда екенін білсеңіз, бұл ақпаратты Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8 (7153) 62-12-40, 8 (7153) 62-28-75 телефондары немесе «102» нөмірі арқылы хабарлауыңызды сұраймыз», – делінген СҚО ПД хабарламасында.

Shares