Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО прокуратурасы: кәсіпкерлік саласында 2000 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды

СҚО прокуратурасы: кәсіпкерлік саласында 2000 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура органдарындағы қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі. Мамандар жыл басынан бері 80 бизнес сигналын өңдеп, оның ішінде 7 бұзушылықты анықтады, 35 жағдайда кәсіпкерлерге түсініктемелер берілді, 8 қадағалау актісі енгізілді, 14 адам тәртіптік, 2  әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды QZ Mediа тілшісі.

Қызылжар, Есіл, Мамлют аудандарындағы орындарға шығу кездесулерінің нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында «А.П. Никишин» ЖК-ге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, жер учаскесін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы аудандық соттың шешіміне наразылық білдірілді, «КАМЕТЕХ» ЖШС жер учаскесіне кірме жолдар үшін сервитут берді. Қазірдің өзінде прокурорлық ден қою шараларымен Солтүстік Қазақстан облысында 190 млрд. теңгеден астам сомаға жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған инвесторлардың 4 кейсіне рұқсат етілді. 

“Мысалы, «АТМ Petropavl Hospital» ЖШС-і түрік инвесторы көпсалалы аурухананы салу кезінде электр энергиясына қосылу проблемасына тап болды. Прокуратура органдарының араласуынан кейін инвестор қыркүйектің 14-і күні баламалы электр желілеріне қосылды. Біз жауапты мекемеге хат жаздық”,- деп толықтырды мемлекеттік орган өкілдері.

Жалпы кәсіпкерлік саласында 2214 кәсіпкердің құқығы қорғалды, 1 млрд.теңгеден астам қаражат орнына келтірілді, 14 адам жауапкершіліктің әртүрлі  түрлеріне тартылды, 787 заңсыз құқықтық актілер мен 91 шектеу шаралары жойылды, 3 заңсыз тексерулер тоқтатылды, 162 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жойылды.

 

 

 

Shares