Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО прокурорлары өңір кәсіпкерлері үшін су тарифін төмендетті

СҚО прокурорлары өңір кәсіпкерлері үшін су тарифін төмендетті

Айыртау, Қызылжар, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша аудандарында табиғи монополия субъектілері 2019 жылдан бері тариф қалыптастыру қағидаларының талаптарын бұза отырып, кәсіпкерлерден тұтынылған су үшін негізсіз төлем алған. Олар бюджеттік ұйымдармен бірдей тариф бойынша төлеуге мәжбүр болған, алайда кәсіпкерлер екінші топтағы тұтынушылар (заңды тұлғалар) қатарына жатады. Бұл заңбұзушылықтар прокуратура тексерісі кезінде анықталды, деп хабарлайды QZ News.

Жауапты тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды, ал су тарифтері кәсіпкерлік субъектілері үшін жеке топ енгізу арқылы реттелді.

«Мысалы, Қызылжар ауданында қабылданған шаралар нәтижесінде кәсіпкерлер үшін су тарифі 1017,63 теңгеден 343,41 теңгеге дейін немесе 66%-ға төмендеді. Мамлют ауданында – 787,72 теңгеге (59,7%), М.Жұмабаев ауданында – 30 теңгеге (2,7%), Тайынша ауданында – 2,48 теңгеге (0,3%) төмендеді. Жыл басынан бері прокуратура актілері арқылы 5 мыңнан астам тұтынушының (оның ішінде 357 кәсіпкердің) құқықтары қорғалды.

Барлық кәсіпкерлерге егер құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылса, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топ арқылы прокуратура қызметкерімен тікелей байланыса алатыныңызды еске саламыз (байланыс нөмірі: +7-771-362-08-99)», – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Shares