Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО ТЖД-да Бурабайда құтқарылған Петропавл қаласы тұрғыны жайлы айтылды

СҚО ТЖД-да Бурабайда құтқарылған Петропавл қаласы тұрғыны жайлы айтылды

1960 жылы туған облыс орталығының тұрғынын Ақмола облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының төрт маманы құтқарды. Операцияға техниканың бір бірлігі тартылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Жексенбіде биіктігі 450 м “Көкшетау” тауынан 1960 жылы туған әйел түсірілді, ол 04.08. күндіз тауға көтеріліп, аяғынан жарақат алған. Нәтижесінде өздігінен түсе алмаған. Ол жедел жәрдем көлігіне жеткізілді. Жұмыстың аяқталу уақыты – 19:00-20:00. Құтқару операциясына мемлекеттік ұлттық табиғи парктің екі қызметкері де жұмылдырылды”, – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Shares