Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқыны-2024: Тайыншаның шетінде орналасқан үйлерді су басу қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды

Су тасқыны-2024: Тайыншаның шетінде орналасқан үйлерді су басу қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды

СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласында 1 сәуірге қараған түні Шағалалы өзені көтерілді. Осыған байланысты шеткі көшедегі тұрғын үйлерден 22 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала бар. Су тасқыны қаупінің жойылуына байланысты барлық тұрғын 1 сәуір күні таңертең үйлеріне оралды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО ТЖД хабарлағандай, Ақмола облысында су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты СҚО Тайынша ауданының аумағы арқылы ағып жатқан Шағалалы өзенінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында Тайынша қаласында су айдынына жақын орналасқан Күншығыс көшесінің үйлерінен халық пен малды уақытша көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарланды. Адамдарды орналастыру үшін эвакуациялық пункт – № 5 орта мектеп және Тайынша қаласындағы агробизнес колледжінің жатақханасы алдын ала дайындалды.

“Көшіру үшін СҚО ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың 4 техникасы дайындалды. Үй жануарларын орналастыру орындары анықталды. Елді мекенді қорғау үшін Шағалалы өзенінің бойында ұзындығы 6 км, биіктігі 1 метр бөгет тұрғызылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардан 1 экскаватор жұмылдырылды, құрамында 10 адам және 2 бірлік техника бар СҚО ТЖД тобы жұмыс істейді. Инертті материалы бар 600 қап дайындалды. Жағдай үнемі бақылауда”, – деді ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.

Shares