Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғындары жиһаз бен техника сатып алу үшін төлем алуда

Су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғындары жиһаз бен техника сатып алу үшін төлем алуда

Барневка, Долматово және Большая Малышка. Қызылжар ауданының аталған ауылдары су тасқынынан қатты зардап шекті. Бүгінде жергілікті тұрғындар мемлекеттік қолдаудың барлық шараларымен қамтылған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қызылжар ауданында зардап шеккен барлық адам 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем алды, залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Ауыл тұрғындарына тұрғын үй мәселесін шешу бағытында да көмек көрсетілуде, бұдан бөлек, 150 АЕК мөлшерінде төлем жасалады.

Аталған төлем түрі су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жиһаз бен техника алу үшін беріледі. Бұл – тоңазытқыш, ас пеші, үстел, орындық, төсек, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары.

“Жиһаз үшін 245 мың теңге көлемінде төлем алдым. Тұрғын үйге келсек, Петропавл қаласынан пәтер таңдадым, пәтер маған зардап шеккен тұрғын үйдің орнына беріледі. Ұлым церебральды сал ауруымен ауырады, біз қалада өмір сүргіміз келеді, бұл ыңғайлы болады”, – деді Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылының тұрғыны Анастасия Завгородняя.

Shares