Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тасқын-2024: СҚО Уәлиханов ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді

Тасқын-2024: СҚО Уәлиханов ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді

Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында тасқынға дайындық қарқын алды. Мысалы, Уәлиханов ауданындағы Құлыкөл ауылының маңында орналасқан Сілеті өзенінің 3 учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Уәлиханов ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Азамат Жәкенов, аудан әкімдігінің және Құлыкөл ауылдық округі әкімдігінің өкілдері осындай жауапты іс-шараның тиісті деңгейде өткізілуін бақылауда ұстады. Қауіпсіздікті Құлыкөл ауылдық округінің учаскелік полициясы қамтамасыз етті.

“Мұз жамылғысын әлсірету жөніндегі іс-шаралар көктемгі мұз ағыны кезеңінде кептеліс құбылыстарының алдын алу және тасқын суларды апатсыз өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Құлыкөл ауылдық округінің елді мекендерін 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде су басудан қорғау мақсатында жүргізілді. Мұзды ұсақтау мұз өрісін едәуір әлсіретуге және тасқын суларды өткізу кезеңінде өзенде кептелістердің пайда болу мүмкіндігін азайтуға, осылайша судың көтерілу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді”, – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

 

 

 

Shares