Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тасқыннан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғындары жаңа үйлердің кілттерін алды

Тасқыннан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғындары жаңа үйлердің кілттерін алды

Су тасқынынан зардап шеккен, артынша үйлері апатты деп танылған Қызылжар ауданының тұрғындары жаңа үйлерге кіруде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бүгін Фәния Тортбаева мен Ибрагим Алпысбаев сынды Бескөл ауылының тұрғындары пәтер кілтін алды. Су тасқынынан зардап шеккен ерлі-зайыптының үйі апатты деп танылған. Комиссия өткізілгеннен кейін олар өздеріне жаңа тұрғын үй таңдап, үшжақты шартқа қол қойды.

“Осы күні аудан бойынша 13 үй сатып алынды. Күн сайын бұл сан өседі, ол үшін барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде. Мен тұрғындарға шыдамдылық үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жаңа үй жаңа оң өзгерістердің бастамасы болып, бақыт пен қуаныш әкелсін! Әр шаңырақта табыс, шаттық пен өркендеу болсын!”,- деп жазды әлеуметтік желілерде аудан әкімі Сақтаған Сәдуақасов.

Shares