«Таза бейсенбі»: СҚО-да Шалқар көлінің маңы қоқыстан тазартылды
Айыртау ауданындағы «Шалқар» көлінің маңы күл-қоқыстан тазартылды. Экологиялық акцияға «AMANAT» партиясы Айыртау аудандық филиалының қызметкерлері, жастар, еріктілер және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«AMANAT» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл күні ауданда 1 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Айта кетейік, басты мақсат – еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын, қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы экологиялық қоғам құру болып саналады.«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өңірдің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр.